Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа “Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері” атағы берілді

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жиын барысында министр отандық спорттың дамуына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық ареналардағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын табыстады.
Ербол Хамитов Қазақстанның пара спорттағы әлемдік деңгейдегі көшбасшы спортшыларының бірі. Оның басты ерекшелігі әмбебаптығы. Ол пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бірдей жоғары нәтижелер көрсетіп, төзімділік, дәлдік және тактикалық шеберлікті шебер ұштастыра біледі.
Сонымен қатар ол пара биатлоннан Әлем кубогінің жалпы есебінде жеңіске жетіп, Хрусталь глобусты иеленген Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.
Сондай-ақ ол жуырда Италияның Милан-Кортина қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиадада Ербол Хамитов ел қоржынына пара биатлоннан алтын, пара шаңғы жарысынан қола медаль салды.
Бұдан бөлек, министр Ербол Хамитовтың жаттықтырушылары Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Ждановичті Құрмет грамотасымен марапаттады.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ербол Хамитовқа ІІІ дәрежелі "Барыс" орденін табыстаған болатын. Ал Василий Коломиец пен Антон Жданович "Парасат" орденімен, Аслан Тоқбаев "Құрмет" орденімен марапатталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?