Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пара берушімен кездесіп, заңгерлік келісімшарт жасаған": Қазақстандық журналист белгілі заңгер Айгүл Орынбекті жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады

Козачков Айгүл Орынбектің жемқорлыққа қатысы бар екенін айтты

Фото: Козачков Telegram арнасынан

Қазақстандық журналист белглілі заңгер Айгүл Орынбектің жемқорлыққа қатысы бар екенін жеткізді. Айтуынша, ол белгілі шенеуніктің артын жабу үшін заң тұрғысынан көмектесуге тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында Шымкентте  ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығының орынбасары Манат Сарбасовтың ісіне байланысты қосымша ақпарат тауып алғанын мәлімдеді. 

“Бұған дейін жазғанымдай, биыл күзде Шымкентте ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығының орынбасары Манат Сарбасовтың ісі бойынша үкім шыққан еді. Ол пара алғаны және мемлекеттік сатып алуларға байланысты жасалған заңсыз әрекеттері үшін кінәлі деп танылған. Осы даулы істі тергеу кезінде ҰҚК тергеушілері Сарбасовтың шымкенттік танымал блогер Айгүл Орынбекпен тығыз байланыста болғанын анықтады. Тергеу деректеріне қарағанда, Сарбасовтың өтінішімен Айгүл Орынбек оған пара беріп отырған Эльмира Дүйсенқызымен кездескен. Тіпті ол Эльмираға шағымын қайтарып алуды ұсынып, оған ақша толық қайтарылады деп уәде берген. Сонымен қатар ол Эльмирамен заңгерлік қызмет көрсету туралы келісімшарт та жасаған”, – деді журналист. 

Журналисттің айтуынша, осының бәрін білген тергеу тобының басшысы Айгүл Орынбектің әрекеттерінде үш қылмыстың белгісі бар деген қорытындыға келген:

  1. Сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіру (ҚК 407-бабы)
  2. Тергеу мәліметтерін жариялау (ҚК 423-бабы)
  3. Алаяқтық (ҚК 190-бабы)

“Бұл сұраққа жауап алу үшін мен Шымкент полиция департаментіне ресми сұрау жолдадым. Маған бірінші орынбасар Құрманбек Сахов қол қойған өте күтпеген жауап келді. Онда ол қылмыстық істер туралы ақпарат тек қылмыстық процесс қатысушыларына ғана беріледі деп жазған.



Шымкент прокуратурасына да сұрау жібердім. Қаланың прокурор орынбасары Ержан Марат ешқайда бұлтармай, нақты жауап берді: Айгүл Орынбекке қатысты қылмыстық іс бар. Ол қылмыстық кодекстің 190, 407 және 423 баптары бойынша тергеліп жатыр және Шымкент полиция департаментінің өндірісінде тұр. Сонда полицейлер неліктен бір жылдан бері істі не сотқа жібермей, не тоқтатпай отыр? Міне, негізгі сұрақ! Тергеу неге осынша уақытқа созылып кетті?”, – деді ол. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 16:54
Талқылау