Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара алғаны үшін сотталған экс-әкімге "құрметті азамат" атағы берілген: Прокуратура шешімге наразылық білдірді

Фото: altaynews.kz

Абай облыстық прокуратурасы Бесқарағай аудандық мәслихатының бұрынғы аудан әкімі Нұрлан Сыдықовқа “Ауданның құрметті азаматы” атағын беру туралы шешімінің заңдылығын тексерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылдың соңында Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттары ауданның “Құрметті азаматы” атағын алуға ұсынылатын кандидаттар тізімін бекіткен. Сол тізімде бұрын аудан әкімі қызметін атқарып, кейін пара алғаны үшін сотталған Нұрлан Сыдықов та болған.

Бұл ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Абай облысының прокуратурасы шешімге наразылық білдіріп, Сыдықов "Ауданның құрметті азаматы" атағын алғандар тізімінен шығарылды.


Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


“Қолданыстағы Қағидаларға сәйкес “Абай облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы” атағы мінсіз еңбегі мен қоғам тарапынан мойындалған елеулі қоғамдық пайдалы нәтижелері бар жетістіктері үшін азаматтарға беріледі. Нұрлан Сыдықов Жарма ауданының әкімі қызметін атқара отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған және Жарма аудандық сотының үкімімен сотталған. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы болған тұлғаға мұндай атақ беруге жол берілмейді”, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салынатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 18:57