Пара алды деп күдікке ілінген: Алматыдағы тергеу изоляторында экс-судья қайтыс болды
Фото: @kozachkow арнасынан
Алматыдағы тергеу изоляторында Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дастан Слямкулов қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында Дастан Слямкулов 2024 жылдың қазан айында пара алу және алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынғанын айтады.
Мәліметтерге сенсек, түскі астан кейін әкесі, яғни қоғамдық қорғаушысы, Слямкуловқа кездесуге келген. Судьяны кездесу бөлмесіне конвоймен алып бара жатқанда, оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Кезекші наряд алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлерді шақырған. Алайда жеткен жедел жәрдем оның көз жұмғанын тіркеген. Алдын ала себеп жүректің тоқтауы.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі тергеу изоляторында бір ер адамның кенеттен қайтыс болғанын растады. Алайда аты-жөнін атаған жоқ.
"Алдын ала өлім себебі жедел жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі бейнебақылау камерасына жазылып қалды. Қазір осы жағдайға байланысты тексеріс жүргізіліп жа тыр", – деп хабарлады ҚАЖК.
Қазақстандық футболшы қайғылы жағдайда қаза тапты
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 29 жастағы ер адам полиция бөлімінде көз жұмғанын жазған едік. Бұл жағдай 18 маусым күні болғанымен, түрмедегі төтенше жағдай туралы жақында ғана белгілі болды. Марқұмның туыстарына, ер адам камерада отырып өзіне қол жұмсады деп айтқан. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тұтқынның қайтыс болғанын растады.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
