Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Папам емессің" деді": Дархан Жолшыбек некесіз туған қызымен кездескендегі әсерін бөлісті

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына не себепті барғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бағдарламадан скрин 

Желі жұлдызы “Taboo” бағдарламасында қонақ болып, кездесуді бүкпесіз баяндап берді. 

“Айшамен кездеспес бұрын, анасы Айданамен жолықтық. Баласыз бәрін асықпай отырып, шешіп алайық дедік. Содан кейін барып Айша әпкесімен келді. Мен бәрін шын жүрегіммен жасадым. Бірақ әпкесі: “Бізден саған не керек?!” деп сұрады. Сол сұрағы сүйектен өтіп кетті. Сол кезде мен бәрін ақтарып, айтып салдым. Инстаграм үшін жасап жатыр деп ойлаған сияқты. Халық шулап жатқанда мен де қатты қиналдым. Тіпті, қызым екенін мойындаған да жоқпын. Жағдайды шын қабылдамадым. Сол сәтте Еуропаға кетейін деп жүргем, соның тірліктерімен жүгіріп жүрдім. Сенсеңіз, ДНҚ-ны да жай тапсыра салған едім. Бірақ 100 пайыз менің биологиялық қызым болып шықты. Содан кейін барып өзімнің не бүлдіргенімді білдім. Қызыма көлік сыйлап, баспана алып бергенім үшін мақтанбаймын. Болашақта да көмектесіп тұрамын. Ең алғаш кездескенде өзіме қатты ұқсаттым. Айша нағашы атасын “Папа” дейді екен. Мен сұрағанда: “Папа емессің” деді. Қазір бәрі жақсы. Мені қабылдамайды деген қорқыныш болған еді”, – деп ағынан жарылды блогер. 



Сондай-ақ әйелі Дариғаның қалай қабылдағанын да айтып, ел алдында алғыс білдірді.

“ТikTok-та Айшаның анасы шулатып жатқанда Дари да көрді. “Мына қызды шынымен танисың ба?” деп сұрады. Жоқ, танымаймын деп жауаптан жалтарып кеттім. Екеуміз де ол жағдайға мән бермедік. Бірақ соттан қағаз келіп, ДНҚ тапсырғанда бәрі белгілі болды. Дари да: “ДНҚ тапсырасың ба, давай қызық болсын тапсырып көр” деді. Астанада жүріп тапсырдым. ДНҚ қорытындысын сотқа жетпей-ақ таныс адамдарға өтініш жасап, біліп алдым. Сол кезде-ақ менің қызым бар екенін түсіндім. Үйге жеткенше ойланып келдім. “Бұл – сенің көзіңе шөп салу емес, саған дейін болған жағдай. Менің биологиялық қызымның бары рас” дедім. Әйелімнің сол кездегі ішкі сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ екеуміз де баланың кінәсі жоқ екенін біліп тұрдық”, – деді Дархан. 

Еске салайық, жезқазғандық Айдана есімді ару блогерді әке міндеттерін орындамайды деп кінәлайтынын жазған едік. 

Талқылау