Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Папа шалбарынан шығарып құрт көрсетті деді": Қазақстандық әйел 2,5 жастағы қызын зорлады деп күйеуінің үстінен арыз жазды

Фото: pixabay.com

Желіде қазақстандық әйел 2,5 жастағы қызына өз әкесі жыныстық азғындық көрсеткенін айтып шағымданды. Анасы кішкентай бүлдіршін жыныс мүшесін ұстап, ауыратынын айтқан кезде барып мән-жайды білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл ақпаратты желіде заңгер жариялады. Айтуынша, кішкентай бүлдіршіннің анасы көмек сұрап жүгінген. 

“Қызым 2,5 жаста. 19 ақпанда сабақтан келдім. Кешке қызымды шомылдырдым. Ваннаға отырғызғанда ол жыныс мүшесін ұстай бастады. Мен "жыныс мүшені ұстауға болмайды", дедім, ол ұстауын қойды. Кейін түнде ұйықтатарда тағы да ұстай бастады. Мен "жыныс мүшені ұстауға болмайды, кім үйретті?" деп сұрадым. Ол "папа үйретті, кір қолымен ұстады" деді. Мен қонақ бөлмеге барып, күйеуімнен “қызымыз жақын арада дәретке шықты ма” деп сұрадым. Себебі ол оны жуындырған шығар деп ойладым. Ол "жоқ" деді. Мен қызым дұрыс түсінбеген шығар деп ойладым”, – делінген жазбада.

Кейін әйел қызынан не болғанын тағы сұраған.

“Келесі күні мен оқуға баруым керек болды. Қызымды әкесінде қалдырғым келмеді. Сондықтан анама апарып тастадым. Жұма күні қызымнан "Папа не істеді?" деп тағы сұрадым.Ол "Папа құрт көрсетті" деді. Мен "Құрт қайдан шықты?" дедім. Ол "шалбардан шықты" деді. "Құрт не істеді?" десем, "Құрт көтенімді иіскеді. Папа құртты аузыма тықты. Бетім кір болды. Папа құрттың басын жұлып тастады" деді. 

Бірнеше күннен кейін қызымды дәретке отырғыздым. Жыныс мүшесін сүртпек болғанымда, ол жылап: "Жыныс мүшем ауырады, папа саусағын тықты, ауырады, вава болды" деді. Мен екі күн бойы РОВД-ға барып жүрдім. Екінші күні кешке ғана арызымды қабылдады. Кейін бізді дағдарыс орталығында тергеді. Онда психологтың қатысуымен бала әкесінің жыныс мүшесіне және көтеніне саусағын тыққанын айтты. Маған бейнежазба жасауға рұқсат берілмеді”, – делінген жазбада. 



Заңгер әйелге арыз жазуға көмек бергенін алға тартты. 

Оқиғадан кейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті пікір білдірді. 

“Жалпыға таралған жарияланымға қатысты ШҚО Полиция департаменті Өскемен қаласының тұрғынының арызы бойынша полиция басқармасымен алдын ала тергеу басталғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық және жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады ведомство. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 16:03