“Папа бізді ұрды”: Жоғалып кетіп, кейін мәйіті табылған төрт жасар Данилдің үйінде зорлық көргені белгілі болды
Ақтөбеде жоғалып кетіп, кейіннен мәйіті табылған төрт жасар Данил Ахуновтың үйінде үнемі қорлық көргені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, тәртіп сақшылары сәбидің өліміне қатысты ешқандай мәлімет айтпаған. Бірақ әлеуметтік желілерде ресми құжатқа ұқсас белгілі бір түйіндеме пайда болды. Онда баланың өліміне күдікті ретінде әкесінің ұсталғаны айтылады. Онда әкесінің бала жерленген жерді көрсеткені айтылады: үш метрге жуық тереңдіктен ұрып-соғудың іздері бар көрпеге оранған баланың мәйіті табылған. Жазбада сондай-ақ Данилдың 23 желтоқсанда өлтірілгені айтылады. Полицейлер бұл ақпаратты растамайды, бірақ жоққа да шығармайды.
Данилді соңғы рет көрген әкесі екені және ұлының жоғалып кеткені туралы екі күн бұрын өзі хабарлағаны белгілі. Ол таңғы сағат 9-да оны подъездің жанында қалдырып, темекі шегу үшін пәтерге кіріп кеткенін айтқан. Ал қайтып келгенде бала жоқ болып шыққан. Бұл оқиға көпшілікке оғаш көрінді.
Данил үш баланың бірі. Есірткіге салынған анасы оларды екі жасында тастап кеткен. Балалар "Үміт" балалар үйінде тәрбиеленген. Бірақ өткен жылдың соңында биологиялық әкесі пайда болды және ДНҚ талдауын қолдана отырып, оларды алуға құқығы бар екенін дәлелдеді. Алайда балалар отбасында бір жарым ай ғана тұра алды.
“Ол “мен әкелерімін. Олар Балабековтер емес, Ахуновтар” деді. ДНК сараптамасы жасалды. Сол сараптамаға сәйкес оның әкесі екені анықталды. Және ол балаларды өзіне беру туралы өтініш білдірді. Қамқоршылық арқылы ол қалпына келтіріліп, қараша айында балаларды алып кетті", - деді "Үміт" балалар үйінің бас дәрігері Айгүл Бижанова.
Бұл ретте үшемдер балалар үйіне қайта келе берген. Бас дәрігердің айтуынша, әкесі оларды әкелуге құлықсыз көрінген. Ал балаларды соңғы рет 1 желтоқсанда, олар төртке толған кезде көрген.
“Біздің балалар үйінің қызметкерлері балалардың таяқ жегенін анықтады. Бірден кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция шақырылды. Мұның барлығы құжатталған. Оларда сұраған кезде Данил "бізді папа ұрды" деді. Соққыдан көгерген іздер байқалды. Үшеуінен де. Данилдан да. Басында, денесінде көптеген көгерген жерлер болған”, - дейді Айгүл Бижанова.
Неліктен қорғаншылық органдары дер кезінде жауап бермей, отбасын бақылауға алмағанын тергеу анықтайтын болады. Шенеуніктердің өздері әзірге түсініктеме берген жоқ.
Данилдың ағасы мен әпкесі қазір "Аяла" балаларды қолдау орталығында. Олар енді жасына байланысты өмірінің көп бөлігін өткізген балалар үйіне орала алмайды. Үшемнің үлкен әпкесі қазір сол орталықта тұрады. Балалардың әкелері әртүрлі. Енді балалар патронаттық отбасын іздейтін болады.
Еске салайық, оның әкесінің айтуынша, төрт жасар Данил Ахунов 28 желтоқсан күні таңертең жоғалып кеткен. Жүздеген адам баланы іздеді: оның ішінде полиция, еріктілер, Ұлттық ұлан.
30 желтоқсанда бала зорлық-зомбылық белгілерімен өлі күйінде табылды. Күдікті ұсталып, "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды.
Ақтөбеде тұрғындар мен еріктілер марқұм Данил Ахуновпен қоштасты. Қамқор ақтөбеліктер бүлдіршіннің бұрын тұрған "Үміт" балалар үйінің ауласына мемориалдық бұрыш орнатты.