Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайрат Палестина тұрғындары үшін жиналған 200 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша тағы бір қосымша ақпараттың анықталғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше ол су тасқынынан бөлек, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған қаражатты да жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Перизат Қайраттың Instagram желісінен

Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты.

“2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 

2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды.



Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды”, – делінген хабарламада.

Ведомство бұл эпизод бойынша Перизат Қайраттың 200 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке ілінгенін жеткізді.  

Еске салсақ, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. 

Талқылау