Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанның Ауғанстан астанасына жасаған әуе соққыларынан 400 адам қаза тапты

Фото: Видеодан скриншот

Пәкістанның Ауғанстан астанасы - Кабулға жасаған әуе шабуылдары салдарынан 400-ден астам адам қаза тауып, тағы 250-ден аса адам жарақат алды. Бұл туралы ауғандық Stan.kz ақпарат агенттігі Tolo News-ке сілтеме жасап хабарлайдыя

Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Забиулла Моджахедтің айтуынша, соққылардың бірі елордадағы реабилитациялық орталыққа түскен. 2000 төсек-орынға арналған орталық ғимараты қатты зақымданған.

"Талибан" бұл шабуылды "қылмыс әрі адамгершілікке жат әрекет" деп атап, оның жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ болған оқиға үшін Пәкістанды айыптады.

Ал Пәкістан бұл айыптауларды "жалған әрі қоғамды адастыруға бағытталған" деп жоққа шығарып, дүйсенбі күні жасалған соққылар тек Кабул мен Нангархар провинциясындағы әскери нысандарға бағытталғанын мәлімдеді.

Хабарларға қарағанда, ақпанның соңында Кабул билігі Пәкістан әскери күштеріне қарсы Дюранд сызығы бойымен — Ауғанстан мойындамайтын екі ел арасындағы шекара бойында — операция бастаған. Бұл қадам Пәкістан әскери-әуе күштерінің бомбалауына жауап ретінде жасалған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 09:56