Америкаға қарсы наразылық: Пәкістанда қаза тапқандар саны 20-дан асып, 100-ден астамы жарақат алды

1 наурызда Пәкістандағы антиамерикандық наразылықтар салдарынан қаза тапқандар саны 20-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Xinhua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым сілтеме жасаған полиция дереккөздерінің мәліметінше, наразылық кезінде 100-ден астам адам зардап шеккен.
“Пәкістанда антиамерикалық наразылықтар кезінде 20 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, АҚШ-тың Иранға қатысты әрекеттеріне наразылық білдірген көтерілісшілер мен Пәкістан полициясы арасындағы қақтығыстар Карачи қаласындағы АҚШ елшілігінің алдында басталды. Ондаған адам терезелерді сындырыр, есіктер арқылы кіруге тырысқан.
Наразылықтар Иранның жоғарғы жетекшісі Әли Хаменеи қайтыс болғаны туралы ақпарат расталғаннан кейін басталды. Ол 28 ақпан таңертең өз резиденциясына жасалған авиациялық соққы салдарынан қаза тапты. Шабуыл кезінде Хаменеи өз жұмыс орнында болып, қызметтік міндеттерін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.
Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған