Пәкістанда ұшақтарды көз тиюден сақтау үшін әуежайда ешкіні құрбандыққа шалды
Пәкістанда ұшақтарды әуе апаттарынан аман сақтау үшін құрбан шалу дәстүрі орындалған.
Бұл туралы Daily Pakistan хабарлайды.
Pakistan International Airlines әуекомпаниясы қызметкерлерінің ойынша, ATR ұшақтарына көз тиген. Олар осы ұшаққа қатысты бірқатар оқиғаларды да мысалға келтірген. Солардың бірінде ұшақ Хавелиан қаласына жақын маңда құлап, 47 адам қаза тапқан. Түйінді мәселені шешу үшін құрбан шалу дәстүрі орындалған.
Құрбандыққа қара ешкі әкелініп, Исламабадтағы әуежайдың тура ұшу жолағында бауыздалған. Құрбан шалудан соң бірнеше минуттан кейін Мултан қаласына бет алған ұшақ ұшып шыққан. Ол межелі жерге сәтті жеткен.
Оқи отырыңыз:
Әйелі секспен айналысудан бас тартқан күйеуінің мүшесін кесіп тастады (фото)
Қазақстанға қыздарды секс-құлдыққа аттандырумен айналысқан Өзбекстан азаматшасы ұсталды
Ерлі-зайыптылардың опасыздығы. Қай елде қандай жаза қолданылды?
Қытайдың ең бай адамының ұлы әкесінің бизнес-империясын басқарудан бас тартты