Пәкістан Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды
Фото: AP Photo/Evan Vucci
Пәкістан билігі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Себеп ретінде Трамптың Үндістанмен арадағы дағдарысты реттеудегі маңызды рөлі аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
21 маусым күні Пәкістан үкіметі әлеуметтік желі X-те жариялаған ресми мәлімдемеде айтылды.
"Өңірдегі шиеленіс күшейген сәтте президент Трамп Исламабад және Нью-Делимен белсенді дипломатиялық байланыс орнатып, стратегиялық ойлау қабілеті мен жоғары деңгейдегі мемлекеттік қасиеттерін көрсетті", – делінген хабарламада.
Мәлімдемеде айтылғандай, бұл әрекет қарулы қақтығыстың өршуін тежеуге, атысты тоқтатуға және ядролық державалар арасындағы кең ауқымды соғыстың алдын алуға мүмкіндік берді.
Пәкістан үкіметі Трамптың бұл араласуын шынайы бейбітшілік орнатуға деген ұмтылыс пен қақтығыстарды келіссөз арқылы шешуге деген талпыныстың дәлелі деп есептейді.
"Пәкістан үкіметі сондай-ақ президент Трамптың Үндістан мен Пәкістан арасындағы ұзақ жылдан бергі Джамму мен Кашмир мәселесін шешуге көмектесу туралы шынайы ұсыныстарын жоғары бағалайды", – делінген мәлімдемеде.
Трамптың 2025 жылы Пәкістан мен Үндістан арасындағы дағдарыстағы көшбасшылығы оның прагматикалық дипломатияға және тиімді бейбіт шешімдерге негізделген саясатының сабақтастығын көрсетеді.
Исламабад АҚШ көшбасшысының бұл бастамалары Таяу Шығыстағы қазіргі дағдарыстар, соның ішінде Газадағы гуманитарлық апат пен Иран төңірегіндегі шиеленіс жағдайында бүкіл әлемдік тұрақтылыққа да үлес қосады деп үміт білдірді.
2025 жылғы 10 мамырда Ақ үй басшысы Үндістан мен Пәкістан "толық әрі дереу атысты тоқтатуға" келіскенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл келісім АҚШ-тың араағайындығымен жүзеге асқан.
Үндістан мен Пәкістан АҚШ-тың араағайындығымен атысты тоқтатуға келісті
Израиль гуманитарлық көмек жіберуге рұқсат беріп, Газаны толықтай басып алатынын мәлімдеді
Еске салайық, сәуір айының соңында үнді Кашмирінде болған теракт салдарынан 26 адам қаза тапқан еді. Осыдан кейін Үндістан Пәкістан аумағында "лаңкестікке қарсы операция" бастағанын хабарлап, бірнеше нысанға соққы берген. Нью-Делидің мәлімдеуінше, олар тек "лаңкестік инфрақұрылымды" көздеген.
Бұған Пәкістан Үндістанға қарсы әскери операция бастады. Исламабад екі ондаған үнді нысандарына, соның ішінде зымыран қоймасына соққы бергенін хабарлады.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
