Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос “Колобок” ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды

Ұлының есіміФото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok?

Танымал блогер Елдос Колобок әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына қандай есім қойғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер кеше әйелі Таңшолпан мен тұңғышын перзентханадан шығарып алды. Ол ұлын әлемге үлгілі азамат бол, әлемді аралап, бағындырсын деген мақсатта “Әлем” деп атаған.

“Бүгін біз үлкен жаңалықпен бөліспекпіз, жер бетіне келген жаңа өмірмен таныстырайық. Балам қош келдің біздің әлемге Бағзат Әлем Елдосұлы.
ӘЛЕМ – шексіздік, кеңдік, еркіндік.
Күні 12.11.2025 , уақыты таңғы 08:29
Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол, саған бізді танитын әлем тілеулес болды, сол себепті есімің Әлем Елдосұлы”, – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Елдос Колобок алғаш рет әке атанғаны хабарланған болатын. Кейінірек ол ұлымен алғаш кездескен сәтін жариялап, жұртты жылатты.

Еске салайық, Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан көптен күткен қуанышын бөлісіп, сүйінші сұраған белгілі блогерлер gender party жасағаны хабарланған болатын. Танымал жұпты қазақстандықтар жарыса құттықтады.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 10:28
Талқылау