Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзінің туған жеріне келе тұра, қонақүйде жататынын түсінбеймін": "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі жас әншілерді сынады

“Нұрлан мен Мұрат” дуэтінің солисі, әнші Нұрлан Әміров қазіргі жас әншілерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/amirov__nurlan/

Өнер иесі жас әншілердің көп көмекші ұстайтынын айтып, сынады. 

"Біздің сахнаға шыққан кезіміз келмеске кетті. Әр нәрсе өз уақытымен деген сөз рас екен. Кезінде біздің де дәуіріміз дүркіреді, талай жерде әнімізді айтып, шалқып жүрдік. Дегенмен қазіргі 18-19 жасында 2-3 әнін айтып, танылып алады да, көзінің астына ет бітіп, қасына топырлатып 12 адамды ертіп жүреді. Бірі аяғын тазалайтыны, екіншісі киімін көтереді, үшіншісі телефонға жауап береді. Сондай нөкерлері көп. Олардың не керегі бар? Той иесі тойға әншіні ғана шақырады ғой”, – деп ашуланды әнші. 



Айтуынша, сахнада жүргеніне 30 жылға жуық уақыт өтсе де, Мейрамбек, Сәкендермен достық қарым-қатынастары сақталған көрінеді.

“Одан кейін жастардың тұтқаны көтермейтініне таңғаламын. Бұрынғыдай аралас-құраластық жоқ. Ұлықпан Жолдасов, Сәкен Қалымов, кейінгі Сәкен, Мейрамбектер, бәріміз ескі достармыз ғой. Қатты сыйласып жүргенбіз. Олар әлі күнге дейін мені "аға" деп сыйлайды. Ол қорыққандықтан емес. Ал қазіргі жігіттер дұрыс іні бола алмай жүр. Кекірейіп тұрады. Тіпті тойларда дастарханға, оның айналасындағы адамдарға қарап барып отырады. "Бизнес класпен ұшамын, мынау қонақүйге жатамын" деп талап қоюға ұялмайды. Өзі туып-өскен қалаға келе тұра қонақүйде жататынын түсінбеймін. Адам өзі миллион теңгеге той істеп отырса, әнші келіп миллион теңге сұрайды", – деді Нұрлан Әміров.

Еске салайық, өнер иесі арбаға таңылып қалған сәтін есіне алған еді. 

Талқылау