Өзінен 8 жас кіші жігітке күйеуге шыққан Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді
Фото: https://www.instagram.com/janellemakajan/
Танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.
“Жарық дүниеге нұр болып келуіңмен, Асылхан Латиффа Абайқызы. Өмірің бақытқа, жүрегің мейірімге толы болсын, балапаным”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ізгі тілектерін жазып жатыр.
“Бауы берік болсын”, “Керемет есім”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Ғұмырлы болсын! Басында беселі бағы болсын” – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Асылхан өзінен 8 жас үлкен екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтып бергені хабарланған еді.
“Перизаттың миллиардтары, ұлының еміне жиналған қаражатты жымқырған ата-ана, Шерзат соты": 2025 жылы ел аузында болған оқиғалар
2025 жыл Қазақстанда сот залдары мен әлеуметтік желілерді қатар шулатқан резонансты істермен есте қалды
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық