"Өзіне үйленбейтінімді білді": Танымал әнші Adam некесіз туған баласына қатысты пікір білдірді
Adam лақап атымен танылған әнші Фарух Тоқтамұратов некесіз баласына қатысты өз нұсқасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Өнер иесі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келіп, жеке өмірінен сыр шертті.
“Жүріп жүрген қызым болды. Жақында үйленемін деп айттым. Оны білді. Дүниезада: "Маған жігіт керек емес" деген еді. Біз тек ләззат үшін кездестік. Романтика болған жоқ. 2022 жылы әйеліммен некемді қидырдым. Тамерлан 2023 жылы дүниеге келді. Дүниезада екеуіміз арамызда ешқандай шарт болған емес. Өзіне үйленбейтінімді де білді. Тек ләззат үшін кездестік деп айта аламын", – дейді Adam.
Өнер иесінің сөзінше, Дүниезаданың аяғы ауыр екенін бес айлық кезінде ғана білгенін және екінші әйел ретінде алуға ешқандай уәде бермегенін жеткізді.
“Ол маған: “Біздің отбасымызда ер адам жоқ еді, ұлым болатынына қуаныштымын” деді. “Анам екеуміз баланы өсіреміз. Сенен ештеңе керегі жоқ” деді. Менің балам болса, жәрдемімді беріп тұрамын дегенмін. Заңды әйеліме баламның бар екенін айта алмадым. Бірақ Дүниезада кейін әйеліме “Сенің күйеуіңнен ұлым бар” деп жазған. Содан кейін келіспеушіліктер туындады. Ақиқаттың бәрін айттым", – деп ағынан жарылды әнші.
Еске салайық, Қазақстандық әйел танымал әншіден некесіз ұл туып, көмексіз және алиментсіз қалғанын жазған едік.