Өзіне-өзі дәрігер: Жылан уын қайтару үшін сиырдың көңіне көмілген әйел тұншығып, көз жұмды
Үндістанның 35 жастағы тұрғыны жыланның уын қайтару үшін сиырдың көңіне жатуға мәжбүр болды. Алайда, дәрігерге емес, емшінің көмегіне жүгінген әйел сиырдың жаңа тезегіне тұншығып, көз жұмды.
Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Қайғылы оқиға Утрарт-Прадеш штатының Буландшахр қаласында болды. Қолын жылан шағып алған әйел жарақатын емдеу үшін күйеуінен көмек сұраған. Бұл мәселеде не істеу керек екенін білмеген ерлі-зайыптылар өзара ақылдасып, жергілікті жылан арбаушыға жүгінген. Ал емші болса әйелді өте ерекше түрде емдеуді ұсынды.
Бұл емнің мәні жәбірленуші сиырдың көңіне жатуы керек. Емшінің бұл кеңесіне құлақ асқан әйел, өзін сиырдың көңіне көмуге рұқсатын берді. Бұл ерекше емдеу әдісін емші мен ауыл тұрғындары бақылап тұрды.
Бірақ емші мен халықтың күткен кереметі болмады. Сиырдың тезегіне көмілген әйел 75 минуттан кейін тұншығып қайтыс болды. Қазір 35 жастағы Девендридің күйеуі кәмелеттік жасқа толмаған бес баласын жалғыз өзі асырауға мәжбүр.
Оқи отырыңыз:
Той кезінде қонақтардың бірі күйеу жігітті атып өлтірді
Ирандық қыздар футбол көру үшін еркек болып киініп алды (видео)
Ғалымдар барабанда ойнау арқылы тілдесетін тайпаны тауып алды (видео)
Тиматидің күзетшілері әуежайда “Мәскеу-Алматы” рейсінің жолаушысымен жанжалдасып қалды