Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіңе де шаш күтімі қажет қой": Қазақстандықтар шашқа арналған сусабын шығарған блогер Мерей Абилованы сынап тастады

Мерей Әбілова жаңа жобасы сынға ұшырадыФото: https://www.instagram.com/abilovva_m

Танымал блогер Мерей Абилова шашқа арналған сусабын шығарды, алайда өнім сатылымға шықпай жатып сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында 3 ай бойы еңбегінің нәтижесі – жеке брендін шығаратыны туралы жазба жариялады. Ол өзінің брендін – MIORÉ деп атаған.

“Қабыл алыңыздар! 3 айлық еңбекті сіздердің алдарыңызда ұсына алатын күн келді. Көптен күткен сәт. MIORÉ – менің арманымнан туған алғашқы өнімім. Табиғи құрамы, премиум сапасы, нәзік күтім. Бүкіл уақыт, ақша, энергия кетті, бірақ ойдағыдай премиалды сападағы өнім шығару қолдан келді. Miore – менің алғаш косметикалық брендім. Алдағы уақытта линейканы толтырып, басқа да өнімдерді шығару ойда бар, ал қазір бүкіл фокусты сапалы, нәтижелі сусабын мен кондиционер шығаруға қойдым”, – деп жазған ол.

Алайда блогердің жаңалығы қазақстандықтарға ұнай қойған жоқ. Мәселен желі қолданушыларының бір тобы Мерей Абилованың өз шашының жағдайы да мәз еместігін алға тартқан.

“Қытайдан шығарып әкеледі ғой”, “Шаш жарнамалау үшін адамның өз шашы әдемі болу керек негізі”, “Жарнама әдемі шыққан, бірақ Мерейдің өзінің шашы өте жаман”, “Бұл жарнамада бәрі керемет, тек Мерейдің шашы көңіл көншітпейді”, “Жарнама керемет, бірақ Мерейдің шашының күйі өте нашар”, “Өнімнің қандай екенін білмеймін, бірақ Мерейдің шашы күшті деп айта алмаймын, сирек әрі өліп қалған”, “Оның өзіне де шаш күтімі қажет”, – деп жазған олар.

Ал енді бір тобы блогерлер шығаратын өнімнің бәрі Қытайда өндірілетінін жазған.

“Мынау не сандырақ? Мұндайға әлі де сенетіндер бар ма? Барлық блогердің косметикасы Қытайдың арзан тауарлары, логотипән жаңартады, болды. Әлеуметтік желіде тестілеуден өткізіп жатырмыз дейді, шын мәнінде Қытайдан бірнеше сынаспап әкеліп, ұнатқанын таңдайды”, “Блогерлер шығаратын тауарлар қарапайым дүкенде сатылатын өнімдерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Аты үшін ақша табады. Іші бірдей болғанымен, бағасында айтарлық қымбат”, – деп жазған олар.

Сондай-ақ қолданушылар бренд атауының әлемдік марканың атына ұқсайтынын да байқаған.

“Миор дей ме? Диордың атауы ма? Тисе терекке, тимесе бұтаққа дейсің ғой”, “Диор мен Эрместің қосындысы Миор”, “Миор тұрғанда Диорды не істейміз?”, – деп жазған олар.

Мерей Абилова шампунь тредс

Айта кетейік, бұған дейін блогер Мерей Абилованың күйеуі, футболшы Димаш Қашкен өзіне қатысты сындарға жауап бергені хабарланған еді.

Димаш Қашкен сынның астына қалуының басты себебі ол Қазақстан Премьер-Лигасында “Қайрат” пен “Жетісу” арасындағы оның ойыны футбол жанкүйерлерінің көңілінен шықпаған.

Қашкен осы маусымда 13 ойын өткізген. Бұл даудан кейін “Жетісудің” жартылай қорғаушысы Қазақстан құрамасының қазан айында өтетін ойындарына шақырту алған жоқ.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы 15 қарашада “Астана” аренада Бельгиямен, 18 қараша сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы ойнайды. Бұл ойын 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы матч болмақ.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 23:53