Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіне бас киім тоқып алған Түсіпбаева жалқау дизайнерлерге ескерту жасады (фото)

Әнші Меруерт Түсіпбаева тоқымамен айналысып, отандық дизайнерлерге қолынан іс келетінін дәлелдеуге көшті. Әнші екі күнде өзіне екі бас киім тоқып, желідегі оқырмандар назарына ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

41222222

Әнші желі қолданушыларына бос уақытты текке жібермеуге, пайдалы іспен айналысуға кеңес берді.

«10 сағатта, екі күнде екі бас киім. Мен шын мәнiнде дизайнер емеспін. Ақшаның буымен танымал боламын деп жүрген жалқауларға жауабым. Іспен дәлелдеңдер сылдыр сөзбен емес», – деп жазды Түсіпбаева желідегі парақшасында.

Screenshot_3

Одан бөлек әнші тоқыма тоқуды бала күнінен ұнататынын тілге тиек етті.

Түсіпбаеваның тыңдармандары оны жаңа қырынан танып, жоғары бағасын беруде.

«Қандай әдемі, нағыз талант», «Күшті, шебер екенсіз ғой», «Жан жақты өнер адамы деген осы ғой», «Енді тоқитын бас киіміңіздің өлшемін 3-5 есеге ұлғайтып, «дизайнер, биші, әнші» ханымдарға сыйлық жасаңыз», – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева отандық дизайнерлермен нағыз «айқасқа» түскен еді. Қазақстандық танымал дизайнерлер Аида Кауменова, Жадо, Белла Сәт-Мырза отандық бағдарламалардың бірінде бірауыздан Меруерттің стилі мен сахналық образдарын ұнатпайтынын айтып еді. Есесіне әнші Кауменованың алқасын, ал Жадоның өзінің стилін сынға алды. Одан кейін отандық продюсер Түсіпбаеваның ТВ-ға жолын жауып тастайтынын айтып қорқытқан. Ал Аида Кауменовамен келісімге келген әнші қалған екі дизайнерді кәсіби маман санамайтынын мәлім етті.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық жұлдыздар тойдан қанша табыс табады?

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Рано Омарова күйеуінің талабы бойынша сахнаға шығудан бас тартты

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау