Өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған азамат пара алу кезінде ұсталды
Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермелеген.
“Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 миллион теңге болды, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды”, – делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы