Қазақстандық мектептің директоры мұғалімді жұмысқа алу үшін өзін Антикор төрағасы деп таныстырған
Фото: Ru. freepik.com
Атыраулық ер адам Жуалы ауданының №4 мектебінің директоры Ж.Е.Пернешеваға өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы деп таныстырып, онымен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдікті Атырау облысының аумағында тұратын азамат болып шықты.
“Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде таныстырып, бұрын еңбек тәртібін бұзғаны (жұмыс орнында мас күйінде болған) үшін жұмыстан босатылған қызметкерді жұмысқа қайта алуға жәрдем көрсетуді сұраған. Осыған байланысты күдікті С-ның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалды, жиналған материалдар Атырау облысының полиция департаментіне құқықтық баға беру үшін жіберілді”, – деп мәлімдеді Антикор.
8 мамыр күні полиция С-ға қатысты жала жабу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігімен хаттама жасап, Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберді.
Сот процесі барысында күдікті кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізді.
"Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерватының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Таразда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысының ақшасын жымқырғандар сотталды
14 мамырда сот шешімімен С әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
