"Өзін ойламаса да, әкесін ойлауы керек": Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлиеваға қатысты ойын айтты
Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлиге қатысты спортшының әйелі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/klarita_os/
Блогер Клара Иса оқырмандарына өтініш айтты.
“Сол қызға қатысты тағы бір видеолар шығыпты. Өкінішті, әрине. Оларды көріп жатырмыз. Тағы да қайталап жібере бермеңіздер. Алла сана берсін. Адам ретінде шынымен жаным ашиды. Қаншама дүниелерден кейін де әлі де есін жимаған. Әлі де сабақ алмаған. Жасы болса 30-ға келді. Әкесіне обал. Бауыры да бар екен. Өзін ойламаса да, осы кісілерді ойлауы керек еді. Қайта-қайта кеудесін соғып отыр. “Мен текті жердің қызымын, менің тәрбием басқа” дейді. Бірақ камераға түсіп қалған видеоларын көріп отырмыз. Бәріміз де қыз өсіріп жатырмыз. Шын жүрекпен жаным ашиды. Осындай сөздер айтпай-ақ қояйын дегенбіз, бірақ өздері соған жеткізді”, – деді блогер келіншек.
-
"Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін": Жанқош Тұраровтың әйелі желіде жан сырын ақтарды
-
"Қатты ауырып жатыр": Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды.
Бірақ Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растаған еді.
Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты.