Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін өртеп көз жұмған әйелдің қызы полицей Үмбеталиевтің былықтарын айтып берді (видео)

Ақмарал Ахметова әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдады. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Бас прокуратура алдында өзін өртеп көз жұмған Майра Рысманованың қызы.

5596260b30146

Келіншек іздеуде жүрген ІІД басқарма бастығы Мұрат Үмбеталиевтің үстінен шағым айтты.

«Менің анам Майра Рысманова осы ІІД қызметкері Үмбетәлиевтің кесірінен қайтыс болған. 2015 жылы 28 ақпанда СТО-дан жұмыстан қайтып келе жатқан ағамның қалтасынан 3 грамм героин, машинасынан 285 грамм наша табылған еді. Ал Мұрат Үмбетәлиев алты жылдан бері ағама «менде жұмыс істе» деп ұсыныс айтып жүрген болатын» – деді Ақмарал Ахметова.


«Менің жүгіріп жүргеніме бір жыл болды. Анам қайтқалы бері… Әлі шындықтың түбіне жете алар емеспіз… Анам шындықтың түбіне жете алмай, екі жыл бойы жүгірді… Менің ағам осы уақытқа дейін әлі отыр. Оның жазып жатқан барлық арызын ешқайда шығарып жатқан жоқ», – деді Ақмарал Ахметова.

Ақмарал 2 жылдан бері түрмеде жатқан інісінің кінәсіз екен айтады. Айтуынша, оның қалтасына есірткіні әдейі салып, айып таққан.

Ахметова елбасы мен Бас прокурордан інісі мен Үмбеталиевтің ісін бақылауға алып, ақ-қарасын анықтауды тапсырды. Ол өзінің екі қызы мен інісінің, өзінің тағдыры үшін алаңдайтынын, Үмбетәлиев жазасыз қала ма деп қорқатынын айтты.

Бұған дейін Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі, 10 тамыз күні түнгі уақытта бұрынғы полиция қызметкрі Жетпісбаев пен Жамбыл облыстық ІІД басқармасының басшылары Үмбетәлиев пен Жетпісбаевтың пышақтасып қалғанын хабарлаған еді. Ішімдік ішкеннен кейін, заң қызметкерлері арасында кикілжің туған. Одан кейін Үмбетәлиев Жетпісбаев пен Бектұрғановқа пышақ жарақатын салған.

Тағы да оқыңыз:

Ресейдің Сладкое көлі Қазақстанға берілді

Білім министрлігі грант бөлу мәселесі бойынша бірнеше шешім ұсынды

Қарағанды тұрғыны әйелінің өз әріптесімен кездесіп жүргенін кездейсоқ біліп қалды

Талқылау