Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Өзімізге пәтер тұрғыза алмаймыз»: Тұрғымбаев полицейлерге арналған баспана туралы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің баспанамен қалай қамтылатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Өзімізге пәтер тұрғыза алмаймыз»: Тұрғымбаев полицейлерге арналған баспана туралы

«Біз баспананы жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлер тізімін кеңейттік. Бұған дейін мұндай құқыққа ие болған жедел тергеу бөлімімен қатар, ендігі кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге осындай құқық берілді. Тұрғын үй өтемақысы – қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың айтарлықтай ұтымды құралы», - дейді министр.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев мұндай мүмкіндікті Қорғаныс министрлігі мен арнайы органдардың қызметкерлеріне беруге ниетті екенін айтты. 

«Қазір бізде құрылыс жоқ. Өзімізге пәтер тұрғыза алмаймыз. Бұған дейін болған жеңілдік кезектері қазір қысқартылды. Сондықтан тұрғын үй өтемақысы жас отбасы немесе жас маманға баспананы жалға алу шығынын жабуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Ал әрі қарай «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ақша салу арқылы жалдамалы баспанаға қол жеткізе алады», - дейді ведомство басшысы. 

Талқылау