Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіме керек кезде пәтер мен көлікті кепілге қоямын": Ырысбала Икрамбай "несие алып бер" дейтіндерге жауап берді

Қайырымдылық жасау арқылы танымал болған Ырысбала Икрамбай қаржы сауатына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Желі жұлдызы оқырмандар тарапынан “атыңызға несие алып беріңізші, өзім төлеймін” деген хаттың көп келетінін айтты. 

“Аузы күйген үрлеп ішеді” дейді. Менің аузым ғана емес, өңешім де күйіп болған. Ақша бермеймін және ешкімнен сұрамаймын. Өзіме керек кезде пәтер мен көлікті кепілге қоямын. Одан кейін алтындарымды ломбардқа өткіземін. Несие деген дүниені айтып, мені мазаламаңдар. Өзімнің босанатын күнім жақын. Мейлі Ырысбала өзгерген деп айтуыңыз мүмкін. Бірақ менің екі туып, бір қалғаным емессіңдер. Мен сізді өмірімде көрмегенмін, танымаймын. Қай ойыңызбен жазып, несие сұрайсыз?! Өзіңізге керек пе, онда өзіңіз несие алыңыз. Түйеге жантақ керек болса, мойнын созады. Менің проблемам өзіме жетеді”, – деп ашуланды блогер. 



Еске салайық, Қазақстан халық партиясы фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Ұлттық банкке онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды.

Депутат алаяқтардың бірнеше жылдан бері өз құрбандары туралы барлық қажет деректі тауып жүргенін жеткізді. Айтуынша, олардың деректерді қайдан алатынын уәкілетті органдар әлі анықтамаған.

"Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады", – деген еді депутат.

Талқылау