Депутат Қазақстанда онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды
Қазақстан халық партиясы фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Ұлттық банкке онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Депутат алаяқтардың бірнеше жылдан бері өз құрбандары туралы барлық қажет деректі тауып жүргенін жеткізді. Айтуынша, олардың деректерді қайдан алатынын уәкілетті органдар әлі анықтамаған.
"Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады", – деді депутат.
Ол сондай-ақ Қазақстанда мұндай қылмыстар ашылмайтынын, ал жәбірленушілер алаяқтар рәсімдеген несие қарыздарды жылдар бойы төлейтінін жеткізді.
Магеррам Магеррамовтың пікірінше, электронды онлайн несиелеуге тыйым салу керек. Сонда алаяқтарға алданып несие алған азаматтар саны азаяды.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"