Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіме керегін таптым": Дариға Бадықованың экс-күйеуі оқырмандарынан сүйінші сұрады

Дархан Мұсаев көптен күткен жаңалығын айттыФото: instagram.com/musaev_darhan

Қазақстандық актер Дархан Мұсаев фильм түсірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Ол жазбасында бұған дейін бос жүрмей, фильм түсіруге серіктес іздегенін айтты. 

“Сүйінші! Киноның жұмыстары басталды. Мен бұл уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүріп өзіме серіктес іздедім, идея іздедім. Нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, өзіме керегін таптым. Келер уақытта мен осы кинодағы актер жөнінде мәлімдеме жасаймын. Әсіресе басты рөлдегі актер жөнінде өте қызық мәлімдеме жасаймын. Қолдауларыңызды күтемін”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисадан видеоүндеу жасауын талап еткені хабарланған еді.

Еске салайық,  отандық телехикаяларда төбе көрсетіп жүрген талантты актер Дархан Мұсаев 16 жыл отасқан жары Дариға Бадықовамен ажырасып кеткенін айтқан. 

Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтқан болатын.

Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 14:14