"Өзім шок болып отырмын": Ерке Есмахан кішкентай ұлын көпшілікке көрсетуге дайындалып жатқанын айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан жолдасы Раймның жаңа әнінің жарыққа шыққанын жария етіп, отбасына қатысты жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Ерке Есмахан Раймның жаңа альбомын бірінші болып тыңдап, әсерін бөлісті. Тіпті жолдасының әндерінен кейін көзіне жас келгенін де жасырмады. “Күйеуімнің жақында жарыққа шығатын жаңа альбомының аяқталған толық нұсқасын тыңдадым. Көзіме жас келді. Ғажап. Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Күйеуімнің бірінші фанаты екенімді түсініп отырған шығарсыздар”, – деп жазды әнші.
-
"Қатыгездікке жол бермейік": Ерке Есмахан жазбасымен көпшілікті ойландырды
-
"Жаным" дегені жетеді": Ерке Есмахан күйеуінің қалай еркелететінін айтты
Оған қоса эстрада жұлдызы Раймның ерекше тосынсый жасап қалуы мүмкін екенін де айтты. Сөзінше, Райм 10 айлық ұлы Исламды сахнаға алып шықпақ ойы бар көрінеді.
“Мына баланы әкесі 3 қараша күні концертте сахнаға алып шығады деген сыбыс бар. Өзім шок болып отырмын", – деп жазды Ерке.
Еске салайық, Ерке Есмахан әріптесі Балжан Бидашқа кеңес беріп, болашақ жарды Оралдан іздеп көруді ұсынған еді.