"Өзім қалаған дүние": Баян Мақсатқызы мәһрге не сұрағанын айтты
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтен мәһрге не сұрағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабарlike” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Биыл – продюсердің екінші мәрте тұрмыс құрғанына – 7 жыл.
“Тұрсен мырза мәһрге кеңсе сыйлады. Басқа қыздар сақина, алтын сұрап жатады ғой. Мен одан үлкен кеңсе сұрадым. Ол орындап, өзім қалағандай кеңсені тарту етті”, – дейді актриса.
Сонымен қатар жақында 50 жасын дүркіретіп атап өткен продюсерге күйеуі елде жоқ көлік сыйлаған.
“Тұрсен туған күніме Меладзені шақырып, дуэт айтқызды. Бөлек тағы да өте жақсы сыйлық берді. Ол – көлік. Маркасы – Rolls-Royce. Бірақ оған әлі мінген жоқпын, шамасы, түсі көк пе, көгілдір ме, сондай. Әлі көрмедім, көруге уақытым жоқ. Келген қонақтардың да сыйлығын ашпадым. Бәрін көріп, ашуға мүлдем уақытым жоқ", – деп ағынан жарылды.
Еске салайық, продюсердің туған күніне әріптестері қандай сыйлық әкелгенін жазған едік.