Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзім дайындадым": Желіге Серік Ибрагимов пен Елдос Сметовтың белдескен видеосы тарады

Танымал әнші Серік Ибрагимов Париж Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовпен белдескен видеосын жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнебаяннан скриншот

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасының жеңімпазы атанды. Ол француз дзюдошысы Лука Мхеидземен (60 келіге дейін) кездесті. Жекпе-жек аяқталуға бір минут қалғанда Елдос ваза-ари жасаған еді. 

“Олимпиада чемпионы, алтын жүлдегері, қазақтың батыры. Құтты болғай!🫂 Бәріне дәлелдеді. Үлкен жүрек иесі. Өзім дайындадым. Видеоның соңын көріңіздер! 5-6 жыл бұрынғы видео, ол кезде мен формада емес кезім”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың қанша гонорар алатыны белгілі болғанын жазған едік. 

Заңнамаға сәйкес, қазақстандық Олимпиада чемпионы 250 мың доллар (118 миллион теңгеден астам) алады.

Сонымен қатар күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (71 миллион теңге), қола жүлдегерлер 75 мың доллар (35 миллион теңгеден астам) алады.

Сондай-ақ 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды. Оны Тоқаев құттықтағаны айтылды.

 

Талқылау