Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзі мойындамаса, бір күні мен айтамын": Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисадан видеоүндеу жасауын талап етті

Видеоүндеу талап еттіФото: https://www.instagram.com/dariga_badykova \ Видеодан скриншот

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында экс-әйелінен видеоүндеу жасап, істегенін мойындауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дархан Рахманның сөзінше, әлі айтылмаған дүние көп, оны продюсердің өзі мойындауы қажет.

“Өтірік айтпай-ақ қояйын. Кинотеатрға барып кино көрмегеніме 1,5 жуық уақыт болды. Не тойға да шыға алмадым, көп адам шақырды, бәрінен бас тарттым. Кинотеатр көпшіліктің ортасы ғой, таныс адамдар кездеседі, мен ұялғанымнан бара алмадым. Өйткені экс-ханым тарапы бір дүние мойындайтын шығар деп күттім. Оның маған бетпе-бет келгені жеткіліксіз, маған тек оның өз қателігін мойындап, “мен осылай істедім” деп видеоүндеу жасағаны қажет. Ол шындықты әзірге тек мен білемін, оны өзі мойындамаса, бір күні паңқ еткізіп мен айтамын. Ол менің ойымдағы дүниені біледі, егер өздері видеоүндеу арқылы шындықты айтатын болса, мен бәрін тоқтатамын. Әлі ашылмаған қаншама шындық бар”, – деді Дархан Мұсаев

Айта кетейік, бұған дейін отандық телехикаяларда төбе көрсетіп жүрген талантты актер Дархан Мұсаев 16 жыл отасқан жары Дариға Бадықовамен ажырасып кеткенін айтқан еді. 

Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтқан болатын.

Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 12:47
Талқылау