Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгелерді террорлық ұйымға тартқан 6 теміртаулық азамат іздестіріліп жатыр (фото)

6 теміртаулық азамат Ішкі істер министрлігінде террорлық бағыттағы қылмыстарға қатысты есепте тұр.

Олар террорлық топ құрып, оған өзге азаматтарды тартты деп айыпталуда, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Теміртау қаласының ІІБ Шығыс полицей бөлімінде күдіктілердің қаладағы жастарды тартқаны айтылды. Оларға жауынгер қатарына кіріп, соғыс болып жатқан елдерге аттану жайлы үгіт жүргізген.

Іздеудегі ер адамдардың мекен-жайын білетін жандар болса, полицейлер олардың құпиялылығын сақтап, сыйақы беруге дайын. Іздеудегілердің  жасы – 23-тен 33 жасқа дейін.

IMG-20170403-WA001225487

1993 жылғы Әміржанов Дәулетхан мен 1994 жылғы Коструб Дмитрий террорлық ұйымға жетекшілік етті деп айыпталып отыр.

IMG-20170403-WA001225487

1993 жылғы Абауов Ұлағат, 1989 жылғы Арчаков Магомед,  1984 жылғы Рахметов Дидар мен 1992 жылғы Диас Рахсетов адамдарды террорлық топқа тарту ісі бойынша айыпталуда.

IMG-20170403-WA001225487

Ақпарат беру үшін мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуыңызға болады: 8 (7213) 95 42 00, 95 10 02 немесе 102.

Жіберіп алмаңыз:

Министр: Араб шейхтарынан хабар келсе, салафиттер халыққа қарсы шығады

Қазақстанда көпбалалы аналарға жәрдемақы бермей, жұмысқа шығуға міндеттейді

Мемлекеттік қызметкерлер енді жұмыс уақытында мешітке бара алмауы мүмкін

Талқылау