"Өзге жұртқа аттандыру оңай емес": Димаш Құдайберген қарындасына жантебірентерлік ән мен жазба арнады
Фото: Видеодан скрин
Әнші Димаш Құдайберген қарындасын Раушанды ұзатып, желіде әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі тойда қарындасына арнаған әнін орындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құдайбергеновтер отбасы құдалық өткізіп, “Құметті жандардан бата алу тойын” жасады.
“Үлкендерден бата алу тойынан естелік суреттер”, – деген Раушан Құдайберген желіде той кезіндегі суреттерді жариялады.
Фото: Іnstagram.com/raushan_kudaibergen
Димаш қарындасына ақ жол тілеп, әдемі тілегін әнмен жеткізді.
“Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету" дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! Раушантайыма Мансұр ініммен бірге “Қарлығашым, ұя салғанда…” атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде арнаймыз. Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн-бойынан көрсеткіміз келді. Бақытты бол,қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі”, – деп жазды өнер иесі.
Фото: Іnstagram.com/raushan_kudaibergen
Раушан ағасының ақ тілегінен туған әнді естіп көзіне жас алды.
@tlekova_zh.zh ♬ оригинальный звук - tlekova_zh.zh

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
