Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді

Өзге ұлттың өкілімен қыдырып жүрген қазақ қызына “ұлты басқа жігіттермен неге қыдырып жүрсің, ұят емес пе?”деп қыз бен жігітті сұрақтың астына алған азаматтың әлеуметтік желіге жариялаған видеосы,  көпшіліктің үлкен талқысына ұласты.

Желідегілердің бір бөлігі бөтен азаматтардың өміріне қол сұққан жанды соттау керек десе,  шетелдіктердің етегінен ұстап кетіп жатқан қазақтың қыздары тым көбейіп кетті деп ой білдіргендер де аз емес, деп хабарлайды 31 арна.

Жеке адамның өміріне қол сұғып, оны әлеуметтік желіге жариялаған Жәнібек Иманәзір өзге ұлт өкілімен қолтықтасып кетіп бара жатқан қыздарды көргенде ақылымды айтып жөнге салғым келеді дейді. Олардың қасындағы оғландарға күш көрсету ойында да болмапты.

“Жоқ ешқандай соққан емеспін мен. Айтам-айтам, содан шығарам. Шығарғанда енді елді ояту үшін. Мынау құрып бара жатырмыз қазір. Қыздарымыз бұзылып жатыр. Шетелге шығатын қыздар көбейіп кетіп бара жатыр. Сүйем-күйем деп тастап кетеді. Екінші қызбен жүреді тастап кетеді. Ата-аналары білмейді, ағасы білмейді. Айту керек ана қыздардың бәрі мына өзінің ағасына таныстыру керек алдын ала қол ұшын тигіздірмей тұрып”, – Жәнібек Иманмәзір.

Өзге ұлт өкілдерімен қолтықтасып жүрген қыздарға ескерту жасаған Жәнібектің 5-6 видеосы желіде жүр. Жәнібекті видеодағы жұптың неке жүзігін көрсеткені де тоқтатпапты. Ал Қазақстан Конституциясы бойынша әр адамның жеке өміріне қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ. Азаматтардың неке таңдауы да өз еркінде. Бұл тұрғыдан келгенде заңгерлер қазақ қыздарының қамын жеп жүрмін деген азаматтың заң алдында қатаң жазаға тартылуы мүмкін екенін ескертеді.

“ҚР неке және отбасы туралы кодексі бар. Ол бойынша неке дегеніміз ұлтына қарамастан екі адамның келісім түрінде құрылған одағы дейді. Бұл азаматтың әрекетін қылмыстық тұрғыдан бағалайтын болсақ ҚР қылмыстық кодексінің 145 бабы бойынша азамат пен адамның тең құқықтылығын бұзу”, – дейді заң ғылымдарының докторы Орынбасар Тілепбергенов.

Бүгінде Жәнібек сияқты «қазақ қыздары өзгеге тиіп жатыр» деп дабыл қағатын азаматтар аз емес. Олар қазақ қызының басқа ұлтқа тиюін моральдық қылмыс деп есептейді. Бірақ, оны тыямын деп жүріп, өздері қылмыстың шекарасын аттап кететін сияқты.

Тағы да оқыңыз:

Таразда жоғалған сарбаз: Біреулер хабарласып ұлымыздың қол-аяғын байлап ұстап отырғандарын айтты

Маңғыстауда әкімнен таяқ жедім деген тұрғынның өзі бәлеге қалды

Шенеуніктерге желіде отырып ойына келгенін жазуға, сыпсыңдап өсек айтуға да шектеу қойылған

Талқылау