Өзеннен трос арқылы өтпек болып, суға құлаған ер адамның денесі табылды
Фото: Желі кадрларынан скрин
10 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Көксу өзенінің бір жағынан екінші бетіне трос арқылы өтпек болған ер адам орта жолда ағысқа құлап, жоғалып кеткен еді. Бірнеше күн іздеуден кейін әскери қызметкердің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтың денесі 15 мамырда табылғанын мәлімдеді.
"Жетісу облысының Кербұлақ ауданында оқиға орнынан 15 шақырым төмен жерде ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның денесін тауып, судан шығарып алды. Табылған кезде ол ішінара киімде болған. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
-
Тростан өзенге құлап кеткен: Жетісу облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер белгілі болды
-
Жетісу облысында ер адам көшедегі итті аяусыз атып өлтірген (видео)
Еске салсақ, Жетісу облысында Көксу өзенінен трос арқылы өтпек болған ер адам суға құлап, жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
