Өзбекстандағы жер сілкінісін Тараз бен Шымкентте де сезінді
Фото: Anadolu Ajansı
Өзбекстандағы жер сілкінісін Қазақстанның Тараз және Шымкент қалаларында да сезген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық зерттеулер мен ақпаратты ұлттық ғылыми орталығы сейсмикалық станциялары арқылы 2026 жылы 6 желтоқсанда сағат 02:04 (Астана уақыты) жер сілкінісі тіркеді.
Эпицентр Алматы қаласынан 565 шақырым оңтүстік-батысқа, Өзбекстан аумағында орналасқан.
"Сезілу күші есептелген интенсивтілік бойынша Тараз және Шымкент қалаларында 2 балл болған", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Алматылық тұрғындар жер сілкінісін сезді
Еске салайық, Камчаткада болған магнитудасы 8,8 ірі жер сілкінісінен кейінгі афтершоктар болды. Сол кезде бұл Камчаткадағы сейсмофокальды аймақта 1952 жылдан бері ең күшті сілкініс болып, цунами Куриль аралдарын басып өтті. Солтүстік-Курильск қаласында порт пен "Алаид" балық өнеркәсіп кәсіпорны су астында қалған. Жарақат алғандар болған жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік