Мақта теруге мәжбүрленген жүкті әйел құрсақтағы сәбиін түсіріп алды
Мақта жинауға жіберілген 28 жастағы Диларом Жураева жүктіліктің алтыншы айында түсік тастады. Жизақ облысына қарасты “Мустакиллик” махалласының тұрғындарының айтуынша, аяғы ауыр әйелді мақта теруге ауыл басшылығы мәжбүрлеген.
Зарбдар ауданының бір тұрғынының айтуынша, махалла жиналысының басшысы жүкті әйелді мақта жинауға баруға мәжбүрлеген. “Әйтпеген жағдайда, ол әйелге сәбидің өтемақысы берілмейді деп қорқытқан. Одан соң үйіне милиция қызметкерін жіберген. Үрейленген әйел мақта теруге шыққан күні түсік тастады. Мен әлі күнге дейін есімді жия алар емеспін, өйткені бұның барлығын өз көзіммен көрдім. Мен махалла төрағасы мен милиция қызметкерін жауапқа тартқанын қалаймын”, – деді оқиға куәгері.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жәбірленушінің есімі – Диларом Жураева. Хабарларға қарағанда, құзырлы мекеме қызметкерлері үйлерді аралап, тұрғындардан мақта теруге шығуын талап еткен. “Олар әр үйден кем дегенде бір адам мақта теруге шықсын деді. Олар осындай бұйрық “жоғарыдан” түскенін айтып, бәрі соған бағыну керектігін ескертті”, – деді тұрғындар.
Махалла төрағасы Латиповтың айтуынша, бұған Жураеваның өзі және отбасы мүшелері кінәлі. “Оның күйеуі мен екі бауыры үйде жұмыссыз отыр. Біз оларға мақта теру науқаны басталғанын хабарлау үшін, аз-маз табыс жинап алсын деп бардық. Сонда Диларом келін таза ауа жұтқысы келетінін, мақта теруге өзі шығатынын айтты. Оны ешкім мәжбүрлеген жоқ”, – деп мәлімдеді махалла төрағасы.
“Мустакиллик” махалласының бір тұрғынының хабарлауынша, Диларом Жураеваның үйіне аудан басшылығы барған соң, ол билікке арызданудан бас тартқан. Хабарларға қарағанда, осы оқиғадан соң аудан басшылығы мақта беруге жүкті әйелдерді жіберуді тоқтатты.
Жіберіп алмаңыз:
Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты
Жүкті әйелдің ішін жарып баласын алған Колорадо тұрғыны сотталды
Қазақстанда түсік жасатуға тыйым салу ұсынылды
ОҚО –да 14 пен 18 жас аралығындағы қыздар арасында түсік жасату көбейген