Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда квадроберлерге айыппұл салынбақ

Өзбекстанда квадроберлер ұсақ бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Өзбекстан ІІМ қоғамдық қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша, квадроберлер әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша сараланып, 3-5 (88,5 доллардан 147 долларға дейін) негізгі есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. 

Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жануарлардың бетпердесін киген балалардың видеолары тарай бастаған. Атап айтқанда, олардың бірі итке еліктеп, өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасап, басқа балаларды қорқытқан. 

Ташкентте ішкі істер министрлігінің қызметкерлері екі квадробердің ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді, оларға бала тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін 1,875 миллион сумға дейін (шамамен 147 доллар) айыппұл салынды.

Талқылау