Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда хирург науқастың екі аяғын қателесіп кесіп тастаған

strategyl.ru дәрігер қателесіп науқастың екі аяғын кесіп тастағанФото: strategyl.ru

Өзбекстанның Ферғана облысында бұрынғы хирургия бөлімінің меңгерушісі Абдубаннап Мадалимов науқастың екі аяғын қателесіп кесіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кun.uz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот материалдарына сәйкес, Адинахон Исомитдинова есімді науқас 2024 жылдың 18 қазанында клиникаға жеткізілген. Оған "II типтегі қант диабетінің ауыр түрі, декомпенсация сатысы, нейроишемиялық формадағы диабеттік табан синдромы, сол аяғының төменгі жіліншік тұсы кесілген, тізе буынының майдаланып сынуы" деген диагноз қойылған.

19 қазандағы операция кезінде дәрігер науқастың ауырған сол аяғының орнына сау оң аяғын жамбас тұсынан кесіп тастаған. Кейіннен сол аяғы да ампутацияланған.

Сау аяқтан айырылу және қатарынан екі ауыр операцияның салдарынан әйел 2024 жылдың 7 қарашасында көз жұмды.

2025 жылдың мамырында Абдубаннап Мадалимов кәсіби міндетін тиісінше орындамағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол үш жылға дейін басшылық және дәрігерлік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша сотталушыдан жәбірленушінің заңды өкілі пайдасына 27,8 миллион сум (шамамен 1,2 миллион теңге) материалдық және 80 миллион сум (шамамен 3,4 миллион теңге) моральдық өтемақы өндірілді.

Апелляциялық сот бастапқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.


Ағзалары зақымданып, ішегі алынды: Перзентхана дәрігерлері 9 ай бұрын алматылық әйелдің ішінде дәке ұмытып кеткен


"Денесінен 1,5 литр ірің шыққан": Пластикалық ота жасатқан алматылық әйел өлім аузынан қалды


Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында ота жасалғаннан кейін науқастың денесінен медициналық ине табылды. 14 сәуірде оң жақ бүйірінің ауырғанына байланысты ауруханаға жүгінген Алик Сағынға плеврит деген күдікпен 15 сәуірде ота жасалды. 9 сағатқа созылған операциядан кейін ол физиотерапия орталығына жіберілген. Онда жүргізілген рентген кезінде оң жақ кеудесінен ине табылып, 19 сәуірде қайтадан ота жасалып, ине алынған. Отадан кейін жағдайы күрт нашарлап, еңбекке жарамсыз қалған науқасқа аурухана тарапынан көмек көрсетілмеген.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 17:18
Талқылау