Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен ұл тумадың": Әйел үш қызымен пойыз астына түсті

Өзбекстанда 31 жасар әйелдің өлімі қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел балаларымен бірге пойыз астына түспек болған. Қайғылы оқиға 21 наурыз күні Науаи облысы Совунгар махалласында орын алды, Gazeta.uz сайты хабарлайды. 

"2013 жылы туған үлкен қызы анасының қолынан суырылып шығып аман қалған, ал қалғандары анасымен қалған. Салдарынан 2016 жылы дүниеге келген қызы бас жарақатын алып қазір аурухана жатыр. Ал 2018 жылғы қызы толықтай аман", - деді Науаи облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Уктам Усмонов. 

Орын алған қайғылы оқиғаға қатысты Өзбекстан Сенатының сайтында ақпарат берілді. Сенат комитеті Олии Мәжілісінің төрағасы Кадырханов суицидтік жағдай ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтады. Осы орайда шенеушік Науаи облысы әкімдігіне оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында хат жолдады. 

"З. Джабборованың жақындарымен әңгімелесу нәтижесінде әйелдің тұрмыстық жағдайы орташа болған. Соңғы уақытта жолдасы О. Рузиевпен отбасылық кикілжіңге байланысты психикасы сыр берген. Күйеуі оған сен ұл тумадың деп кінә таққан. Дегенмен әйел отбасының басқа мүшелерімен жанжал болмаған және психикалық тұрғыдан сау болған. Сондай-ақ, оның туыстары да психикалық ауытқу болмаған", - деп хабарлайды.



Медицина мамандарының мәлімдеуінше, 2021 жылдың қаңтарында әйел жүкті болған. Тексеру нәтижесінде кезекті қыз күтілетіні анықталған. Және қыз болатынын білген әйел аборт жасатқан. 

Сондай-ақ, З. Джаббарованың Махалин аудандық азаматтар бөлімі қызметкерлеріне немесе Ішкі істер департаменті профилактика инспекторларына отбасылық кикілжіңге туралы айтпағаны айтылады. Қазіргі уақытта Науаи транспорттық прокуратурасында мәйітті тануға қатысты жұмыстары жүріп жатыр. Және аталған мәселе Сенаттың әйелдер және гендерлік теңдік комитетінің бақылауында. 


 

Талқылау