Өзбекстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Өзбекстан президентін Алматы әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
29 наурызда президенттер бейресми кездесу өткізіп, қаланың бірқатар нысандарын аралайды.
Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар президенттер Алматыда өтіп жатқан жасанды интеллектке арналған көрмені тамашалайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"