Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан полицейлері кінәсін мойындамаған ер адамның екі аяғын сындырып тастады

Өзбекстанның Жызақ елді мекенінде тұратын Акмал Хасанбоев “милиция қызметкерлері есірткі саудасына қатысты куәлік беріп, мойындатқызу үшін аяғымды сындырды” деп мәлімдеді.

52BE5FE6-D8B6-421A-BC05-499C72682070_cx0_cy5_cw0_w1023_r1_s

Ер азаматтың айтуынша, резіңке шоқпармен ұрғаннан, аяғының сүйектері сынған. Алайда жергілікті құқық қорғау органдары мұндай оқиға орын алған жоқ дейді.

38 жастағы Акмалдың айтуынша, 27 маусымда оны жергілікті милиция қызметкерлері ұстап, арнайы бөлімшеге алып кеткен.

– Милицияның төрт қызметкері мені шоқпармен ұрды, қинады. Олар мені түрмеге отырғызамыз, өлтіреміз деп қорқытты. Тергеушілер есірткі саудасымен айналыстым деп куәлік беруімді талап етті. Мен шыдай алмай, есімнен танып құлап қалдым, – дейді Акмал Хасанбоев.

Акмалдың кіші інісі ағасының танысына суықтан емделу үшін 4-5 дана көкнәр бергенін айтады. “Ол адамды ұстап алған, ал ол көкнәрді менің ағамнан алғанын айтқан. Ағамды мойындатқызу үшін әбден қинаған. Түнгі сағат 11-ден кейін мен ағамды іздеп милиция бөлімшесіне бардым. Ол жақтан ағамды ауруханаға алып кетті. Ол қатты ақсаңдап қалған”, – дейді Бахром Хасанбоев.

Рентген Акмалдың аяқтарының сүйектері сынғанын көрсеткен. Оның аяғына ота жасаған.

Акмал Хасанбоевтың сөздерінше, өзін соққыға жыққан екі адамның бет-әлпетін сақтап қалған.

Тағы да оқыңыз:

Қанат Исламның бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар анықталды

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Дауылдан көз жұмған ардагердің өліміне шатырдың иесі кінәлі деп танылуы мүмкін

Талқылау