Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақтар саны 200-ден аспауы тиіс: Өзбекстан билігі үйлену тойларына қатысты заңмен шектеу қойды

Өзбекстанда мемлекет парламенті үйлену тойы мен басқа да салтанатты шараларды өткізу ережелерін бекітетін заңды қабылдады.

Өзбекстан билігі үйлену тойларына қатысты заңмен шектеу қойды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Радио Азатлык» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Заңмен бекітілгендей, мемлекетте отбасылық той мен шараларды сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін ғана өткізуге болады. Сонымен қатар, палау тартудан басқа жағдайларда, тойды бірнеше күнге созуға тыйым салынған. Қалалық және аудандық кеңестер палау тарту уақытын «жергілікті жағдайға байланысты» белгілей алады.   

Елде той уақытына ғана емес, қонақтар санына да шектеу қойылды. Ендігі жиын-тойларға 200-ден аса, палау тартуға 250-ден аса қонақ шақыруға болмайды. Сондай-ақ, қос үйлену тойларына қатысты да жекелеген норма бекітілген. Ол бойынша, той қонақтарының қатарына тағы 50 адамды қосуға рұқсат.

Сонымен қатар жаңа заң бойынша, үйлену тойларында жеңіл автокөлік саны 3-еуден аспауы тиіс. Және тойға екіден көп әнші мен музыкалық топты шақыруға рұқсат жоқ.

Мұндай заңның қабылдану мақсаты – отбасылық салтанатты шаралардағы ысырапшылдықпен күрес. Депутаттар заң жобасын талқылау барысында «ысырапқа толы және салтанатты» үйлену тойларын өткізу үшін, азаматтардың қарызға батып, артынша табыс табу үшін шетелдерге кететінін айтып шағымданған.

Талқылау