"Өз ұяттарыңызға ие болыңыздар": Жарқынай Ханайым образын сынағандарға жауап берді
Жарқынай Ханайым жаңа образын көпшілікке паш етіп, сөз естіп қалды. Желі қолданушылары әншінің өзгеріп бара жатқанын айтып, сөгіп тастаған, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Елдің сынына Жарқынай жауап берді.
"Құрметті ұятмендер, өз ұяттарыңызға ие болыңыздар. Ал сұлулықты көріп, керемет пікір жазып жатқандарға үлкен рахмет", – деді ол.
Сәбит Әбдіхалықовқа үшінші әйелі тағы бір ұл туып берді
Айта кетейік, Жарқынай Ханайым жолдасымен "Рауза" телехикаясынан кейін айырылысты. Десе де, Жарқынай мен Айдар Асқарбек ресми түрде ажырасқан жоқ, әзірге бөлек тұрып жатыр. Бір сұхбатында актриса араға уақыт салып, күйеуімен қайта қосылуы мүмкін екенін айтқан еді. Жарқынай Ханайым екінші сәбиін күтіп жүргенін жариялады.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды