Өз тағдырын сахналауға келіскен ақтөбелік келіншек қойылымның соңына дейін шыдамай, залдан шығып кетті
Ақтөбеде «Үлкен сұрақ» деген атаумен «сақалдылар» жайлы кезекті туынды сахналанды.
Өзінің бастан кешкендерін сахналауға рұқсат берген келіншек спектакльдің соңына дейін шыдамай, залдан шығып кетті, деп хабарлайды «Тілші».
Өз өмірін сахнадан көрген келіншек көз жасына ерік берсе керек.
Айта кетейік, Ақтөбедегі «Аңсар» орталығы мемлекеттік тапсырыс аясында «Үлкен сұрақ» қойылымын сахнаға шығарған болатын. Орталық директоры Жандәулет Сүлейменовтің идеясын облыстық драма театрының ұжымы жүзеге асырды.
«Үлкен сұрақ» — ақтөбелік бойжеткеннің теріс ағымда жүрген жігітпен бас қосып, кейін опық жегені жайлы қойылым. Бірінші жолдасы Мысыр арқылы Сирия асып, сол елде көз жұмады.
Екінші күйеуі 2016 жылы 5 маусымда теракт жасағаны үшін бүгінде жазасын өтеп жатыр.
Екеуі де жарына талақ жасаған болатын.
Тағы да оқыңыз:
Немересімен жекпе-жекке шығып бокстасқан әжей жұртты күлдірді (видео)
Астаналық әжей автобуста Назарбаев туралы ән айтып елді өзіне қаратты
Мәдина Сәдуақасова салтты білмеген күйеуінің жаңа үйленген кездегі қызықтарын айтып берді