Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзбағасын төмендетеді": YouTube жасөспірімдерге фитнес пен салмақ туралы видеоларды көрсетуді шектемек

YouTube платформасы енді 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге физикалық ерекшеліктер мен дене салмағын идеализациялайтын бейнелерді көрсетуді шектемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сарапшылар мұндай шешім жастардың психикалық денсаулығына кері әсері туралы ескертулерге байланысты қабылданып отыр. Жасөспірімдер видеоларды көре алады, алайда платформа алгоритмдері мұндай контентті барынша ұсынбайды.

YouTube Денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, доктор Гарт Грэм шындыққа жанаспайтын стандарттарды идеализациялайтын видеоларды қарау жасөспірімдердің өз-өзіне көңілі толмауын қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.

Жаңа ереже АҚШ-та қолданысқа енген. Алдағы уақытта Ұлыбритания мен басқа да елдерде жүзеге асырылады.



Жасөспірімдер үшін енді мынадай форматтағы видеолар көрсетілмейді: 

  • белгілі бір физикалық ерекшеліктерді идеализациялау, мысалы, косметикалық процедуралар;
  • белгілі бір көрініске қол жеткізуге бағытталған фитнес бағдарламалары;
  • әлеуметтік агрессияны, соның ішінде физикалық қорқыту көрсетілген контент.

YouTube дәрігері және кеңесшісі Эллисон Бриско-Смит мұндай шектеулер жасөспірімдерге сау мінез-құлқын сақтауға көмектесетінін жеткізді.

Талқылау