Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда анасы өзінің туған қызын тірідей өртеп жіберді

Пәкістанда анасы өзінің туған қызын тірідей өртеп жіберді. Оған себеп ата-анасы қыздарының таңдаған жігітіне қарсы болған.

RIP-mother-sentenced-to-death-for-honour-killing-of-daughter-who-she-doused-in-petrol-and-set-on-fir

Парвин Биби отбасын масқаралаған қызын өлтіргенін Лахор қаласында өткен сот отырысында мойындады, деп хабарлады Mirror.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, 18 жастағы Рафик Зинат Хасан Ханға тұрмысқа шығып, онымен бірге небәрі бір апта өмір сүрген. Қалыңдық көйлегін кигеннен кейін арада жеті күн өткен соң өз анасы Рафикке қастандық жасады.

RIP-mother-sentenced-to-death-for-honour-killing-of-daughter-who-she-doused-in-petrol-and-set-on-fir (1)

Сот Рафиктің анасы мен ағасын өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Анықталғандай, алдымен ағасы Рафикті соққыға жыққан, артынша анасы оның үстіне жағармай құйып өртеп жіберген.

Рафик көз жұмғаннан кейін Лахорда оның денесін ешкім сұратпаған. Полицейлер бойжеткеннің дене қалдықтарын қалаға жақын маңдағы зираттардың біріне жерлеген.

Жалпы Пәкістан елінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық кеңінен тараған.

Бір ғана 2015 жылдың өзінде 1100 әйел адамның өмірі ар-ұят өлімімен аяқталған, деп хабарлады Daily Record.

Пәкістан парламенті әйелді азаптап өлтіруге қатысты заңды өткен жылдың қазан айында шығарды. Бұл әлеуметтік желі жұлдызы Кандель Белуджаны ағасы буындырып өлтіргеннен кейін үш айдан кейін іске асып отыр.

Бұл елде отбасына «намысына» сызат түсіргендер қатарына ер адаммен қашып кеткен немесе ата-анасының қарсылығына қарамастан көңіл жарастырған, сондай-ақ, өзге де консервативті құндылықтарды аяққа таптаған әйел адамдар жатады.

Көбінесе әйел адамды өзінің туысы өлтіреді. Осылайша қылмыскер отбасы мүшелерінің кешірімін алып, жазадан құтылып кетуді көздейді. Жаңа заңға сәйкес, өлім жазасына кесілген қылмыскерді туыстары кешірсе де, ол өмір бойына түрмеге тоғытылады.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлар мұсылмандар үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жайнамаз шығарды (фото)

Нағыз еркек ешқашан жасамайтын 8 іс

Қытай мейрамханасы адамның етін тамаққа қосқан болуы мүмкін (фото)

Салмағы 430 келілік ер адам әлемдегі ең мықты адам болу үшін таңғы асқа 36 жұмыртқа жейді

Талқылау