Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өз құқығыңызды талап етіңіз: Блогер полицейлерді жұмыс істеуге мәжбүрлейтін әдісті айтты

Блогер Аида Жексен қазақстандық полицейлердің жұмысына немқұрайлы қарайтынын айта келе, бұл олқылықтың орнын қалай толтыруға болатынына тоқталды.

aiida

Фото: 

Блогердің айтуынша, ол Яндекс такси қызметінің көлігіне сөмкесін ұмытып кеткен. Алайда таксиске хабарласып та, басшылығына хабарласып та сөмкесін қайтара алмаған. Тіпті полицияға арызданғанымен еш нәтиже болмапты. 

"Таксист жігітке 125 рет хабарласып, одан түк шықпайтынын білген соң, басшылығына айттым. Бірақ хабар болмады. Ресми такси қызметін пайдалана отыра осылай болды. Есіл аудандық полиция бөлімшесіне хабар бердім. Таксистің телефон нөмірі бар. Тапсырысымның скрин суреті, уақытының суреті бар, көліктің нөмірі бар, маған сөмкемді қайтарып береді деп сендім. Сөйтсем қолда бар айғақтың өзімен тәртіп сақшылары ешнәрсе істей алмай отыр. "Хабары болғанда айтамыз" деп мені мәдениетті түрде шығарып салды", - дейді Аида Жексен желідегі парақшасында.

Блогер осыдан соң заңгер Шыңғыс Темірдің кеңесімен Egov атынан ішкі істер министрінің орынбасарына арыз жазады.

"Осы кезде Ақтауда полицейлердің америкалық азаматшаға таксиде жоғалтқан сөмкесін тауып бергені туралы жаңалық шықты. Сонда менің америкалық азаматшадан қай жерім кем? Барлық мәліметті біле тұра неге полицейлер жұмыс істемейді? Менің құқығымды қорғамайтын полицейлерді не үшін салық төлеп ақшамен қамтамасы етіп отырмыз? Egov атынан ІІМ-не арыз жаздым. Осыдан соң сөмкем табыла кетті. Елордалық полиция департаментінің майоры Ермағамбетов Ердәулетке алғыс айтам. Сөмкемді анама табыстады. Сөмкем Семейден табылған. Жұмысынан шығып кеткен таксист сөмкемді алып туған ауылына кетіп қалған екен", - деді блогер. 

Блогер әр адамның өз құқығын талап етуге кеңес береді. Қандай ұсақ зат болса да, полицейлерді жұмыс істеуге мәжбүрлеу үшін ІІМ-ге хабарласуды ұсынады. 

"Егер әрбір майда нәрсе үшін министрге жазсақ, олар да полиция жүйесіне тәртіп орнатар. Полицейлер министрге шағымнан соң емес, өздігінен жұмыс істеп үйренер. Біз салықты адал төлеп отырмыз, яғни құқығымызды да талап ете аламыз", - деді ол. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр