"Өз бетінше қозғала алады": Денсаулық сақтау министрі оққа ұшқан Берденовтің қазіргі жағдайын айтты

Фото: parlam.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атыс қаруынан зардап шеккен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға бір аптадан астам уақыт бұрын болған.
"Түскеннен кейін екі хирург бригадасы төрт сағат ішінде қажетті шұғыл көмек көрсетті. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, ол өз бетінше қозғала алады, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында", – деді Әлназарова үкімет отырысында.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін жазған едік. Шабуылдың алдын ала себебі ретінде бірнеше нұсқа айтылды. Бірі Руслан Берденов шабуыл жасаған адамның әйеліне тиісті десе, енді бірі бұл жағдайды Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланыстырды.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"