"Өз ақшама денемді бүлдірді": 22 жастағы қазақстандық қыз пластикадан кейін сотқа жүгінді
Фото: Видеодан скрин
Қарағандылық Вера Тен кеудеге жасалған пластикалық операциядан кейін денсаулығын жоғалтты. Төрт рет түзету жасалғанымен жағдай нашарлап, нәтиже көңіл көншітпеді. Сот дәрігерді жауапты деп таппады, ал Вера енді клиникаға қарсы заң жолымен талап қоюға дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағандылық Вера Тен 2024 жылы Астананың бір танымал клиникасында 2 млн теңгеге маммопластика жасатқан. Алайда операция нәтижесі Вераға ұнамаған. Дәрігер бірнеше рет түзету жасаса да, жағдай нашарлаған.
"Капсулярлы контрактура – импланттардың деформациясы. Сол кезде әрдайым импланттарды ауыстыру, яғни сүт бездерін қайта протездеу қажет. Ол, менің ойымша, бұл қажеттілікті жасыруға тырысқан, себебі бұл оған қымбатқа түсетін. Жай ғана, қорлаушыдай, бірінен соң бірі кесіп отырды", – деді Вера Тен.
Соңында хирург Вераның импланттарын тегін ауыстырған, бірақ кеуде көрінісі жақсара қоймаған. Сонымен қатар қызда шаш түсуі басталған, ол жиі наркоздан болған деп болжап отыр. Қарағандылық қыз дәрігерге қарсы сотқа шағым түсіріп, моральдық зиянды өндіріп алуын талап етті. Бірақ сот дәрігерді жауапты деп таппаған.
Вера Теннен адвокатқа кеткен шығынды өндіріп алған. Хирург пікір беруден бас тартқан, бірақ оның адвокаты Арғын Ысқақбеков жауап берді.
"Төрт араласу жасалды, олардың барлығы пациенттің эстетикалық қалауы бойынша жүзеге асты. Медициналық асқынулар анықталған жоқ. Пациенттің асқынулар бар екенін растауы жағдайында олар өз әрекеттерімен, яғни режимді сақтамаумен байланысты болуы мүмкін", – деді Арғын Ысқақбеков.
Адвокаттың айтуынша, пациент барлық манипуляцияға келісім берген және тәуекелдер туралы хабардар болған. Адвокат Ирина Маленконың пікірінше, мұндай жағдайларда дәрігермен емес, клиникамен соттасу керек, себебі дәрігер сол клиникада еңбек қатынастында болған.
"Денсаулықтың нашарлауын тіркеу қажет. Яғни операциядан кейін дәрігерге қаралып, емделген болсаңыз және денсаулықтың нашарлауы мен операция арасындағы себеп-салдар байланысы бар екенін көрсеңіз, бұл дәлелдер сіздің шағымыңыздың негізі бола алады. Сонымен қатар сапасыз медициналық қызмет көрсетілген жағдайда облыстық медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментіне жоспардан тыс тексеріс жүргізуді талап ету керек. Ал ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келген болса – полицияға хабарласыңыз", – деді адвокат Ирина Маленко.
Вера Тен енді адвокат кеңесі бойынша сотқа дәрігермен емес, тікелей клиникамен жүгінеді.
"Мінсіз мұрынды армандады": Жарқынай Ханайым пластикалық ота жасатты
Еске салайық, бұған дейін қызылордалық әйел косметологтың емінен кейін ауыр дертке шалдыққанын жаздық. Латипа Жақсымұратова қолтық терісіне жасалған ботокс салдарынан денсаулығы күрт нашарлап, көз көрмей, тілі күрметіліп, аяғына тік тұра алмай қалған. Оны бірнеше апта жансақтау бөлімінде емдеп, кейін палатада бақылауда ұстаған. Дәрігерлер жүйке тамырлары зақымданғанын анықтағанымен, косметолог мамандар жауапкершілікті мойнына алмаған. Әйел құзырлы органдарға шағымданғанымен, қылмыстық іс қозғалмаған, ал Латипа әлі күнге дейін тұрақты түрде емделуге мәжбүр.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
